Құрметті Орал қаласының тұрғындары 15 қыркүйектен бастап тұрғындарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту науқаны басталады және 15 қарашаға дейін созылады.

Тұрғындарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға бекіту тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Азаматтар тек бір ғана МСАК ұйымына бекітіледі. Емханаға тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз болуы қажет және тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазуы қажет. Науқан кезінде бекітілген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызмет көрсету 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, ал бұл уақытқа дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті ағымдағы жылы бекітілген МСАК ұйымында аласыз.
Сонымен қатар, емханаға www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле аласыз. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі.
Егер Сіз өзіңіз тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның көрсететін қызметіне қанағаттансаңыз және осы жылы бекіту науқанына қатыспаған болсаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылықызмет көрсету үшін бекітуге құқылы.
Құрметті Орал қаласының тұрғындары! 
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізу шеңберінде 2016 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қарашасы аралығында медициналық қызмет көрсету бойынша медициналық ұйымды еркін таңдау принципі бойынша Орал қаласында тұрғындары БМСК ұйымдарына тіркеу науқаны жүргізіледі.
БМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу ережесі.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ереже азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу қағидалары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіннің 45-бабының 4-1-тармағына(бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (бұдан әрі – БМСК) тіркеу тәртібін айқындайды.
3. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу – Кодекстің 34-бабында көрсетілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша БМСК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу.
4. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпаратты «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқорында медициналық ұйымдардың басшылары айқындайтын жауапты медицина қызметкері қалыптастырады. Бекітілген халық тіркелімнен БМСК ұйымдарының бөлінісінде бекітілген халықтың саны туралы ақпарат Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызмет берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін БМСК ұйымдары арасында ТМККК орналастыру және Кодекстің 34-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіпте оның шығындарды өтеу үшін негіз болып табылады.
2. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҰЙЫМЫНА АЗАМАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ.
5. БМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі БМСК ұйымына тіркелетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
6. Азамат БМСК ұйымының біреуіне ғана тіркеледі.
7. Медициналық ұйымға бекітілу талоны азаматтың БМСК ұйымына тіркелгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Тіркелу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
8. БМСК ұйымына тіркелу еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде БМСК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.
9. БМСК ұйымы тіркеуді азаматтар өзі жүгінген кезде жүзеге асырады.
Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде еркін нысандағы өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін тіркеуге жол беріледі.
10 Адамдарды тіркеу БМСК ұйымдарында олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу, тіркелген адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
11. БМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеуді өзгерту:

  1. тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;
  2. БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
  3. азамат дәрігер мен медициналық ұйымды жылына бір реттен жиі емес еркін таңдаған кезде;
  4. жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты БМСК ұйымдарына тіркеу науқаны кезеңінде (бұдан әрі – Науқан) жүзеге асырылады.

12. Азаматтар тікелей жүгінген кезде оларды БМСК ұйымдарына тіркеген кезде бұрын тіркелген БМСК ұйымдарынан есептен шығару «Тіркелген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. БМСК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта тіркелген кезде бұрын тіркелген БМСК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
13. Кодекстің 34-бабында көрсетілген адамдар БМСК ұйымына тіркеуді еркін таңдау кезінде оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және тіркеу анықтамасында (талонында) көрсетіледі.
14. Науқан кезеңіне ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа жаңа әлеуетті қызметтіa берушілердің қызметті көрсету алдағы жылға ТМККК көрсетуге шарт жасасқан кезде қызметті берушіні таңдау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Кодекстің 34-бабында көрсетілген жаңа әлеуетті қызметті берушілерге тіркелуге ниет білдірген адамдар осы уақытқа дейін ағымдағы жылы бекітілген ТМККК шеңберінде БМСК ұйымдарында медициналық көмек алады.
15. ТМККК шеңберінде БМСК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға тіркеу осы Қағидаларға сәйкес БМСК ұйымдарына тіркеумен бірдей жүзеге асырылады.