«Экспо 2017» және «Астана күніне» орай  «Ашық есік күні»
акциясын өткізу бойынша пресс-релиз

2017 жылдың 4-5 шілдесінде ШЖҚ «Қалалық көпбейінді аурухана» МКК негізінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Акцияға хирург- ортопед, РФ Мәскеу қаласы, Халықтар достастығы Ресей университеті травматология және ортопедия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Денис Владимирович Римашевский шақырылды.       Денис Владимирович Римашевский – ірі буындарға эндопротез жасау маманы. Ол ауыр жарақаттан кейін және буын ауруымен ауыратын пациенттердің денсаулығын қалпына келтірудің ең бірегей әдісдерін меңгерген. Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Петропавл  т.б. қалалары бойынша мастер-класс өткізуде тәжірибесі мол. Бүгінгі таңда Республикамыздың барлық аймақтарында, тіпті шалғай аумақтарында болып, облыстық және қалалық медицина жайымен етене таныс. 

Тізе буыны эндопротезі – тізе буындары жарақаты мен аурулары бар пациенттердің өмір сапасын жақсарту мақсатында жасалады. Бұл әдіс бойынша буынның ауыратын, жарамсыз бөлігі хирургиялық жолмен қиылады да, оның орнына арнайы протез орнатылады.

Операциядан кейін жанын азаптаған аурудан құтылған пациенттер белсенді өмірге қайта оралады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2011 жылдан бастап травматолог-ортопедтер тізе буынын алмастыруды  облыстық клиникалық ауруханада жүзеге асырды.
Қалалық көпбейінді аурухана ашылғаннан бері травмолог-ортопед мамандармен 9 ұршық буынының және 1 тізе буынының эндопротезі ойдағыдай жасалған.
2017 жылдың 4 шілдесінде  қалалық көпбейінді аурухана негізінде Д.В.Римашевский ірі буындардың формасы өзгерген артрозы және буын ауыстыруды қажет ететін басқа да патологиялық көрсеткіштері бар пациенттермен кеңес жүргізді.

Д.В.Римашевскийдің қатысуымен қалалық көпбейінді аурухана жағдайында БҚО бойынша алғаш рет, артқы крест тәрізді байламды сақтай отырып, тізе буынын алмастырудан мастер-класс өткізді.
Бұрын Батыс Қазақстан облысында осыған ұқсас операциялар, крест тәрізді байламның орынбасуымен қатар жүретін.
Эндопротез жасау – бүгінгі таңда буындардың ауыр науқасына шалдыққан пациенттердің толыққанды өмірге қайта оралуына себеп болатын жалғыз мүмкіндік.