Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министирлігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі «Жоғары технологиялар күні» республикалық акциясын өткізудің кейбір мәселелері» №155 бұйрығына орай 2017 жылдың 2-4 мамыры аралығында қалалық көпбейінді ауруханада Астана қаласы Ұлттық нейрохтрургиялық ғылыми орталығының  мамандарымен, атап айтсақ, ҰНО инсульт орталығының жетекшісі Әділбеков Ержан Боранбайұлы және балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің ординаторы Жарасов Әлібек Маратұлымен кеңес өткізілді.

27 науқас олардың ішінде 7 ауыл, 20 қала тұрғындарын қабылдап, дәрігерлік тексеруден өткізді. Перифериялық және орталық жүйке жүйесі аурулары бар науқастарға тексеру жүргізіліп, олардың ішінде 8 ауыр науқасқа Астана қаласы ҰНО жағдайында толық тексеріліп, емделуге кеңес берілді.
Қалалық көпбейінді аурухана базасында, дәрігер-нейрохирург Әлібек Маратұлы Жарасовтың қатысуымен мастер-класс көрсетілді. Ми,жұлын сұйықтығы  жолдарының бітелуінен сол жақ мишық гемосферасы қанайналымының жедел бұзылуы және қайталана асқынған гидроцефалия диагнозы бойынша науқасқа ота жасалды.