2017 жылдың 29 наурызында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, қалалық көпбейінді ауруханада облыстың медицина саласы қызметкерлерімен кездесу барысында, Мемлекет Басшысының Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын модернизациялау және Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің жаңа заңнамалық бағыттарына тоқталып кетті.

Одан әрі ХБА «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіре отырып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.