2017 жылдың 17 наурызында қалалық көпбейінді аурухана холлында Наурыз мерекесіне арналған мәдени шара өткізілді. Қалалық көпбейінді аурухана директоры Калибеков Арман Талғатұлы аурухана ұжымы мен қала қонақтарын аталмыш мерекемен құттықтады.

Шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан, «арқан тартыс», «асық» және шахмат ойнаудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар ұлттық нақышта киінген қызметкерлер жиналғандарға наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.