ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ӘР АДАМНЫҢ МІНДЕТІ!

Жіті  ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Ішек жұқпасы  әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, балалардың дизентериямен сальмонеллезбен және басқа да жіті ішек инфекцияларымен ауырмаған ел жоқ. Жұқпалы жітіл ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі  жаз айлары  болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуы,  іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта  алмауымен  байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру.

Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды.
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден: жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдар пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады.

Аурудың алғашқы белгілері:

Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, сәбилердің емшектен бас тартуы, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқастың жиі құсып, іш өткен сайын  жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса міндетті түрде дәрігерге көрінуі керек. Мұндай кезде дәрігер келгенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізген жөн. Антибиотик қолдануға болмайды, өйткені аурудың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.