Миссиямыз:

 

Халықтың денсаулығын нығайту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында медициналық көмек көрсету кезіндегі мультидисциплинарлық тәсіл.

 

Мүддесі:

Стационардағы сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Денсаулықты нығайту, қолдау және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.

Халық денсаулығың сақтауға бағытталған салауатты өмір салтын насихаттау.

Халықтың өлімі мен мүгедектігін азайту.

 

  • Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы

    01.07.2019 "Добавить комментарий Толығырақ  
  • Қалалық көпбейінді ауруханада тəжірибелі жоғары санатты пластикалық хирург дəрігер Уразов Алмат Айсагалиұлы келесі қызметтер бойынша қабылдайды.

    24.05.2018 "Добавить комментарий

    Қалалық көпбейінді ауруханада тəжірибелі жоғары санатты пластикалық хирург дəрігер Уразов Алмат Айсагалиұлы келесі қызметтер бойынша қабылдайды. Жоғарғы жəне төменгі қабақ пластикасы шығыстық- еуропалық қабақтар. 

    Толығырақ

ШЖҚ "КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА" МКК

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық көпбейінді аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммунальдық кәсіпорны – облыстағы жаңа ауруханалардың бірі. 310 орындық аурухана «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында салынған.

Бас мердігер – «Болашақ-Т» ЖСШ. Аурухана құрылысының жалпы көлемі – 50420 кв.м.

Аурухана 8 негізгі және 5 көмекші корпустардан тұрады. Онда қазандық, ас әзірлейтін блок, кір жуатын орын, гараж, оттекті блок және электрқуаты айрылған жағдайға арналған дизельді электрлі блок орналаспақ.

Аурухана Қазақстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония сияқты жетекші фирмалардың құрылғыларымен жабдықталған.

Көпбейінді емдеу мекемелеріне жатады. Аурухана құрамына келесі кіреді:

Қабылдау бөлімшесі: қабылдау бөлімінің негізгі міндеті науқастарды аурухана бөліміне қабылдау және тіркеу, жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсету  болып табылады.

Травмотология пункті: кезек күттірмейтін медицналық көмек көрсету, шұғыл диагностикалық, зертханалық және рентгендік зерттеулер.

Нейро-инсульттық орталық: негізгі міндетіжіті ми қанайналымы бұзылған ауруларды жатқызу, бас миының жіті және созылмалы қан-тамырлық жеткіліксіздігі бар ауруларға станционарлы көмек көрсету, қалпына келу терапиясы.

Политравма-нейрохирургия, травмотология, күйік бөлімшесі -  тірек-қозғалыс аппараты, бас сүйек және жұлын жарақатын алған ауруларға тәулік бойғы жедел, орталық және жүйке тамырларының шеткі жүйесімен ауыратын науқастарға жедел және кезек күттірмейтін нейрохирургиялық көмек көрсету.

Жалпытерапиялық бөлімшесі – кардиология, пульмонология, токсикология, неврология – жүрек-қан-тамырлары, тамақ-өкпе аурулары және басқа патологияларға шалдығу қаупі бар тұлғаларға диагностикалық, емдік және оңалту медициналық көмек көрсету.

Жедел хирургия – абдоминальды, торакальды қан-тамыр, урология, проктология – абдоминальды, торакальды патологиялары және басқа жарақаттары бар науқастарға жедел хирургиялық көмек көрсету.

Босандыру бөлімшесі – босандыру, патологиясы бар жүктілер бөлімшесі, патологиясы бар жаңа туған нәрестелер бөлімшесі: негізгі мәндеті – жүктілерге, босанғандарға, босанушыларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Гинекология бөлімшесі – гинекологиялық аурулары бар науқастарға хирургиялық көмек көрсету.

Дәрігерлік жан сақтау және анестезиология бөлімшесі – барлық хирургиялық және терапиялыө бөлімшелерде білікті анестезиологиялық және жан сақтау медициналық көмек көрсету.
Емдік және диагностикалық бөлімшелер ең жаңа құрылғылар мен құралдармен, соның ішінде, ота және жан сақтау залдарына арналған техника және аппаратурамен, компьютерлі және магнитті-резонансты томограф және көптеген басқалармен жабдықталған.
Орналасқан жері: Орал қаласы, Астана ш.а., 16 құрылым.

ТМККК клиника-жеткізушінің тізімі
Список клиник-поставщиков по ГОБМП

Ұйымның атауы
Наименование организации

Байланыстар
Контакты

 

 

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК

ГКП на ПХВ "Областной перинатальный центр"

факс 8(7112)266346 pczko@yandex.ru
www.p-center.kz

ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница"

8(7112)266271
 факс 8(7112)266426  zkoblbolnica@yandex.ru         www.okb.batis.kz

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК

ГККП "Областной центр психического здоровья"

8(7112)537686
факс 8(7112)537682 guocpz@mail.ru
www.zko-ocpz.gov.kz

ШЖҚ «Облыстық кеңесші-диагностикалық орталығы» МКК

ГКП на ПХВ "Областной консульт-диагностичес центр"

факс  8(7112)239332
zkoodc@mail.ru
www.kdczko.kz

«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК

ГККП "Областная инфекционная больница" УЗ акимата

факс 8(7112)210740
zko_infek@mail.ru
www.bk-infec.kz

«Облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»МКҚК

ГККП "Областной центр по проф-ке и борьбе со СПИД"

8(7112)260561
ocs@zko-aids.kz
www.zko-aids.kz

ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» МКК

ГКП на ПХВ "Областной кожно-венерологический дисп"

факс 8(7112)504592
kojven@mail.ru
www.kojven-bko.kz

ШЖҚ»Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКК

ГКП на ПХВ "Областной противотуберкулезный диспан"

факс  8(7112)212947
zkooptddis@mail.ru
www.zko-optd.kz

ШЖҚ»Облыстық қан орталығы» МКК

ГКП на ПХВ "Областной центр крови"

8(7112)518033
факс 8(7112)518252
plazma-zko@mail.ru
www.plazmazko.kz

ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК

ГКП на ПХВ «Областной онкологический диспансер"

8(7112)525034
факс 8(7112)525058
zkood@mail.ru
onko-zko.kz

ШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК

ГКП на ПХВ"Областная детская  многопроф. больница"

8(7112)501602
факс 8(7112)501090
odb1_zko@mail.ru
www.babybol.kz