Арман Талғатұлы  Калибеков 1974 жылы  14 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.

1999  жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша татамдап, жанұялық  дәрігер-педиатр деген біліктілік берілді.

1999-2002 жылдары  Тасқала ауданының отбасылық дәрігерлік амбулаториясында дәрігер-рентгенолог .

2002-2009 жылдары  БҚО консультативтік-диагностикалық орталығында дәрігер-рентгенолог.

2009-2011 жылдары  БҚО консультативтік-диагностикалық орталығының директоры.

2011-2015 жылдары  облыстық  көпбейінді балалар ауруханасының директоры.

2015-2016 гг.  №4 қалалық емханасының директоры.

2016 жылғы 31 тамыздан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (валеология,статистика, әдіснама) мамандығы бойынша жоғары санаттағы маман. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша бірінші санаттағы маман.

Жұмыс өтілі – 20 жылдан астам.

Үйленген, үш баласы бар.